Ел қазынасы 730 млрд теңгеден қағылды. Бұған былтыр бюджеттің бүйірін қампайтуға тиіс болған салық жоспарының толық орындалмай қалуы себеп. Жоғары аудиторлық палата осылай деп хабарлады. Сөйтсе, бар гәп салық бойынша болжамның 1,3 трлн теңгеге артық жоспарланғанында екен. Оның үстіне, берешекке қатысты даулы істердің жартысынан астамы салық төлеушілердің пайдасына шешілгені де әсер етіпті. Құжаттарды сүзгіден өткізу барысында мамандар 2,7 миллиард теңге қаржылық заңбұзушылықты әшкерелеп, салық рәсімдерін сақтамаудың 33 дерегін және 11 жүйелі кемшілікті анықтады. Палата аталған мәселелерді шешу үшін арнайы тапсырмалар мен ұсыныстар әзірлеген.
Бюджеттің бүйірі шықпай қалды
Жоғары аудиторлық палата салық жоспары толық орындалмай, бюджет 730 млрд теңгеден қағылғанын хабарлады.
Поделиться:
← Все новости