Алаяқтардан айла артылған ба? Жамбылда өзі курьер болып жүріп, құйтырқылыққа барған ер адам ұсталды. 22 жастағы жігіт қылмыстық схеманы ұйымдастырушы интернет-алаяқтармен ауыз жаласып, олардың нұсқауын бұлжытпай орындаған. Бөгде жандардың банк карталары мен телефондарды сөмкесіне салып алып тасымалдап, жол-жөнекей банкоматтардан қалағанынша қолма-қол ақша шешіп жүріпті. Сондай-ақ карталарды бірнеше рет шетелдерге апарып, қылмыстық топтың құрамына кіргендердің қолына ұстатыпты. Тінту кезінде күдіктіден бес телефон мен 13 банк картасы тәркіленді. Тергеу барысында бұдан да сорақы дерек анықталған. Банк картасының иелері ақшалай сыйақы алу үшін жеке мүліктерін өз еріктерімен пайдалануға беріпті.
Интернет-алаяқтарға көмектескен 22 жастағы жігіт ұсталды
Жамбылда интернет-алаяқтарға көмектескен 22 жастағы курьер ұсталды.
Поделиться:
← Все новости