Қазақстандықтар ақша жинауды жақсылап қолға алған сыңайлы. Өйткені биыл олардың депозиттегі ақшасы 29 трлн теңгеден асып түскен. Сарапшылардың дерегінше, кейінгі бір айда халықтан екінші деңгейлі банктердің қоржынына түскен қаржы 2,5 пайызға, ал өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға өскен. Жинақтың 60 проценті жеке тұлғалардікі екен. Ал он жыл бұрын 43 пайыз болыпты. Айта кетейік, Депозиттерге кепілдік беру қоры маусым айында он банк жинаққа берілетін сыйақы мөлшерлемесін төмендеткенін хабарлаған еді.
Депозиттегі қаражат көбейген
Қазақстандықтардың депозиттегі қаражаты 29 трлн теңгеден асты.
Поделиться:
← Все новости