Перейти к содержимому
· 6 просмотров

Президенттің Шанхайға жұмыс сапары басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шанхайға барды. Бүгін Президент Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ осы елдегі алпауыт компаниялар басшыларымен дөңгелек үстелде бас қосады. Кездесулерде екіжақты экономикалық байланыстарды жаңа белеске көтеру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланбақ. Ал ертең, яғни 2026 жылғы 17 шілдеде, Президент «Жарқын болашақ жолындағы жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбын қаузайтын Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысады.

← Все новости