Перейти к содержимому
· 3 просмотра

Банкноттарды кір машинаға жууға болады

Қалтадағы ақшаңыз кір жуғыш машинаға жуылып кетсе, бүлініп жарамай қалады деп уайымдамаңыз. Өйткені Ұлттық банктің өзі төл валютамызды осылай сынақтан өткізеді екен. Қаржы ұйымы купюралардың ұзақ уақыт бойы төзімді болуы үшін арнайы зерттеу жүргізеді. Мысалы, қолдан-қолға өтетін қағаздар көп ластанатыны белгілі. Сондықтан мамандар арнайы қоспа дайындап, оған банкноттар қаншалықты шыдамды келетінін тексереді. Тіпті беріктігі мен икемділігі де қадағаланады. Осындай кешенді жұмыстардың нәтижесінде жаңа технологиялар енгізіліп, сапалы, қорғанышы мықты, сенімді купюралар дайындалады.

← Все новости