Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Құрылтай депутаттығынан өз еркімен бас тартты

Құрылтай депутаттығына үміткер кандидаттардың біреуі сайлаудан өз еркімен бас тартты. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 2026 жылғы 11 шілде күні «Respublica» партиясының мүшесі өзін партиялық тізімнен шығару туралы өтініш білдірген. Бүгін комиссия мүшелері тиісті қаулыны қабылдап, Сания Темірғалиеваны кандидаттар тізімінен алып тастады. Осылайша, саяси ұйымның құрамында 75 үміткер қалды. Олардың ішінде 38 кандидат — әйелдер, жастар және мүгедектігі бар азаматтар. Бұл жалпы тізімнің 50,7 пайызын құрайды.

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Respublica партиясының Құрылтай сайлауына ұсынған партиялық тізімінің тіркелуімен саяси партияның басшылығын құттықтай отырып, сәттілік тілейміз. Орталық сайлау комиссиясының аппаратына бүгін қабылданған барлық құжаттарды орналастырыңыздар.

← Все новости