Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Айыппұлдар кешіріліп жатыр

Айыппұл арқалаған жандар рақымшылықтың шарапатын көре бастады. Осы күні елімізде әкімшілік амнистияның жақсылығы 590 мың азаматқа тиіпті. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 1,3 миллионнан аса әкімшілік айыппұлды өндіріп алу тоқтатылып, жалпы сомасы 22 миллиард теңгеден асатын қаражат есептен шығарылған. Бірақ бұл бір рет қана жүзеге асатын игі іс екенін ұмытпаған жөн. Айта кетейік, елімізде жаңа Конституция күшіне енген тұста Президент амнистия жасау туралы заңға қол қойған болатын.

МҰРАТ ҚАБДЕНОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Рақымшылық — бір реттік ізгілік шарасы. Ол болашақта жасалатын құқықбұзушылықтар кезінде жауапкершіліктен босатпайды. Егер азамат қайтадан құқық бұзса, ол заңға сәйкес толық жауапкершілікке тартылады. ІІМ заңды сақтауға, өзгелердің құқығын құрметтеуге шақырады. Жауапкершілікке тартылмаудың ең дұрыс жолы — құқық бұзбау.

← Все новости