Перейти к содержимому
· 13 просмотров

Президент Қытай басшысымен келіссөз жүргізді

Қытай – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі. Шанхайға сапарлап барған Мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен кездесіп, келіссөз жүргізді. Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Қытай Халық Республикасының Төрағасына алғыс айтты. Әрі Қазақстан Қытаймен стратегиялық серіктестікті жан-жақты нығайта беруге ниетті екенін жеткізді.

Сондай-ақ қос ел арасындағы екіжақты сауда-саттық көлемі былтыр 49 миллиард долларға жеткенін, қазір Қазақстанда 8,5 мыңдай Қытай компаниясы табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Мемлекеттер басшыларының кездесуі аяқталған соң Қазақстан мен Қытай Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына және жол картасына қол қойылды.

← Все новости