Перейти к содержимому
· 15 просмотров

Жол апаты 7 адамның өмірін жалмады

Жол апаты 7 адамның өмірін жалмап кетті. Сұмдық жағдай Түркістан облысының Бәйдібек ауданындағы тасжолда түнгі уақытта болған. Алдын ала болжам бойынша, «Тойота» тізгіндеген жүргізуші қалғып кетіп, қарсы бетте келе жатқан, ішінде алты адам отырған «Пассатпен» соқтығысқан. Салдарынан екі машинадағы барлық адам оқиға орнында тіл тартпай кетіпті. Барлығы осы өңірдің тұрғындары екен. Полицейлер қылмыстық іс қозғап, апатқа нақты кімнің кінәлі болғанын анықтап жатыр.

← Все новости