Тағы бір қазақ баласы қарт құрлықта доп тебетін болды. 15 жастағы жерлесіміз Кәрім Меңдіханов Испанияның әйгілі «Барселона» клубымен үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Жас футболшы ақжолтай жаңалықты Instagram парақшасында сүйіншілеп, «сүйікті клубымның қатарына қосылғанымды мақтан тұтамын» деп жазды.
Енді ол каталониялық команданың «Ла Масия» академиясында шеберлігін шыңдайды. Орал қаласының тумасы 2022 жылы, небәрі 11 жасында әкесімен бірге Испанияға қоныс аударып, аяқдопқа алғаш қадамдарын жасаған. Бұған дейін «Сан-Кугат» клубында намысын қорғап, талантымен Ла Лига скауттарының назарын аударған. Айта кетейік, Кәрім Меңдіханов Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасында сәтті өнер көрсетіп жүр.