Перейти к содержимому
· 4 просмотра

«Күлдіргіш газ» тасымалдаған

Қауіпті курьер! Алматылық полицейлер тапсырысты апара жатқан курьердің көлігін тексеру кезінде тосын жайға тап болды. Салоннан ел арасында «күлдіргіш газ» деп аталып кеткен азот тотығы толтырылған құтылар табылды. Қылмыстың ізіне түскен сақшылар зиянды зат сақталған қойманы анықтаған. Ал ол жерден әртүрлі көлемдегі 685 баллон мен оларды толтыруға арналған арнайы жабдық тәркіленді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, полицейлер осы астыртын бизнесті ұйымдастырғандарды қайтсе де қолға түсіруге кірісіп кетті.

← Все новости