Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 14 просмотров

Жалған құжат жасап, 3 миллиард ақша тапқан

Түркістанда бір топ алаяқ жоқ малды бар қылып, жоқ мүлікті кепілге қойып, мемлекеттен 3 миллиард теңге алып алған. Яғни, олар «шаруа қожалығымыз бар» деп жалған құжат әзірлеп, агробизнесті қолдау бағдарламасы аясында кредит рәсімдеген. Мұның бәрін 27 адам ауыз жаласып жүзеге асырыпты. Ұйымдасқан топтың ішінде несие мамандары, бағалаушылар, кепіл рәсімдеушілер және нотариус қызметкерлері болған. Алайда бұлардың құйтырқы әрекетін Қаржылық мониторинг агенттігі анықтап, былықтың бетін ашты. Сот шешімімен олардың бар байлығы мемлекет пайдасына тәркіленді. Ал айыпталушылар 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тергеу барысында 33 қылмыстық құқық бұзушылық фактісі анықталды. 24 жалған несие рәсімделіп, кепіл ретінде іс жүзінде жоқ 54 нысан ұсынылған. Сот шешімімен мемлекет кірісіне 19 тұрғын үй, 10 жер учаскесі, 2 пәтер, 4 коммерциялық үй-жай және 4 автокөлік тәркіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

← Все новости