Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 7 просмотров

100% кепілдік беретін алаяқтар көбейді

Магистратураға грант ұтып аламын деп опық жеп қалмаңыз! Осы күні әлеуметтік желілерде «кешенді тестілеудің дайын жауаптары бар», «грантқа түсіремін» деген алаяқтардың жарнамалары қаптап кетті. Алайда Ұлттық тестілеу орталығы бұған сенбеуге шақырады. Оларға ақша төлеу құр шығын, өйткені емтиханда әр талапкерге толықтай жеке нұсқа құрастырылады және сұрақтар үнемі жаңарып отырады. Желідегі жалған жауаптардың нақты тестке еш қатысы жоқ. Оған қоса, тест материалдарын заңсыз тарату немесе сатып алу қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады. Құзырлы органдар мұндай фактілерді қатаң тексеріп жатыр. Сондықтан болашақ магистранттар алаяқтардың арбауына түспей, тек өз білімдеріңізге сенгендеріңіз абзал.

← Все новости