Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 7 просмотров

Бензин контрабандасына тосқауыл қойылды

Жиырма күнде елімізден 112 тоннадан астам бензин заңсыз шығарылмақ болған. Контрабандаға тосқауылды Ұлттық қауіпсіздік комитеті қойды. Шекара қызметіндегі сақшылар шілденің алғашқы үш аптасында ғана осындай 1342 деректі анықтап, жолын кесіпті. Қара басының қамын ойлап, жанар-жағармай қорына қол салғандар заңға сәйкес жауапқа тартылыпты. Ведомство мәліметінше, мұндай әрекеттер елдің энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Сондықтан комитет қызметкерлері көлеңкелі айналымға жол бермеуді қатаң бақылауда ұстап отыр.

← Все новости