Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 8 просмотров

100 дронды басқаратын жүйе

Бір оператор бір мезетте 100 дронды басқаратын заманауи жүйе алғаш рет сынақтан өтті. Бұл қорғаныс саласындағы көптен күткен жаңалық. Бетін аулақ қылсын, бірақ сақтықта қорлық жоқ. Кез келген төтенше жағдай кезінде мұндай жүйелер орасан зор аумақты жылдам бақылап, қауіпті нысандарды анықтап, әскердің шұғыл әрекет етуіне мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, сынақ кезінде ауқымды міндеттерді атқаруға арналған заманауи роботтандырылған кешендер таныстырылды. Олар оқ-дәрілер мен инженерлік құралдарды жеткізу, жараланғандарды қауіпсіз жерге эвакуациялау, ауыр жүктерді тасымалдау сияқты маңызды жұмыстарды орындай алады.

ӘДІЛ ҚҰСАЙЫН, КӨРСЕТІЛІМДІК СЫНАҚТАР КОМИССИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Өздеріңіз білетіндей, әлемде болып жатқан қарулы қақтығыстарды алатын болсақ, пилотсыз жүйе және робототехникалық кешендердің маңызы өте жоғары. Олардың әуеден барлау жасауы, қауіпті аймақтарды қадағалауы және әуеден соққы беруі сияқты көптеген мүмкіндіктері бар.

← Все новости