Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 14 просмотров

200-дей адам жалған құжатпен шекарадан өтпек болған

Елімізде жыл басынан бері жалған құжатпен шекара кесіп өтпек болған 200 адам ұсталған.

Мұндай жағдай, әсіресе, оңтүстік өңірлердегі бекеттер мен халықаралық әуежайларда жиі кездесіпті. Заң бұзғандардың дені визамен ғана кіруге рұқсат етілген елдерге өзге азаматтардың төлқұжатымен аттанбақшы болған. Ал былтыр ел шекарасында жалған құжатты қолданған 661 құқық бұзушылық анықталыпты. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұндай жандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Гүлмира Сайлаубекова

← Все новости