Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 121 просмотр

Метроға пышақпен келген адам ұсталды

Алматы метросында пышақ пен кісен алып жүрген ер адам қолға түсті. Оқиға «Райымбек батыр» станциясында болған. Тәртіп сақшылары мен қауіпсіздік қызметі жолаушының сөмкесін рентгенмен тексерген кезде, ішінен суық қару мен кісенді көреді. Күдікті бірден Жетісу аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, қазір тексеру жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары оның бұл қауіпті заттарды метроға не үшін алып кірмек болғанын анықтап жатыр. Қандай да бір жымысқы пиғылы болса, жазаға тартылады.

← Все новости