Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 6 просмотров

Азаматтарға 22 млрд 600 млн теңге қайтарылды

Азаматтардың 22 млрд 600 млн теңгесі қайтарылды. Бұл су жұқпас суайттардың сөзіне сеніп, жиған-тергенін алаяқтарға ұстатқандардың ақшасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов осындай дерек келтірді. Қазіргі уақытта 496 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, кінәлілер тиісті жазасын алған. Бұдан бөлек, өз есепшоттары арқылы 113 миллиард теңгені өткізген 36 дропперлік топтың жолы кесіліпті.

176 миллиард теңгеден астам қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған 7 қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойылды. Есірткі бизнесі мен алаяқтықтан түскен кірісті жылыстату үшін пайдаланылған 12 астыртын криптоайырбастау пункті жойылды, – деді ведомство басшысы. Жанат Элиманов дербес деректерді иемдену, ойын бизнесіне қатысты қаржылық қулық-сұмдықтар туралы баяндады. Кездесу соңында Мемлекет басшысы агенттік қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

← Все новости