Өр Алтайда мерзімді қызметтегі сарбаз із-түссіз жоғалып кетті. Өскемен гарнизонының әскери полиция бөлімі 22 жастағы қатардағы жауынгер Айқын Марханды іздеп жатыр. Ресми мәліметке жүгінсек, ол әскери бөлімнің қару-жарақ және оқ-дәрі қоймасында тәуліктік кезекшілікте болған екен. Ал 23 шілде күні таңғы уақытта қызмет орнын тастап, қойма аумағынан шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Өзімен бірге ешқандай қаруы болмаған. Әскери киіммен шыққан, кейін азаматтық киімге ауысуы мүмкін. Оны іздеп жатқан құзырлы органдар нақты ақпарат білетін адамға ақшалай сыйақы берілетінін айтады.