Қауіпті олжа! Алматының Түркісіб ауданындағы иесіз қалған ғимараттың ауласынан бір қап қару-жарақ табылды. Куәгерлер бірден тәртіп сақшыларына хабар берген. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер қапты ашып тексергенде ішінен «Сайга» ойық ұңғылы карабиніне ұқсас қару мен оған арналған 10 оқ, сондай-ақ тапанша мен бірнеше оқ-дәрі шыққан. Тәркіленген заттар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Тергеушілер қару-жарақты кімнің жасырғанын, сондай-ақ олар бұған дейін жасалған қылмыстарға пайдаланылған ба, жоқ па, соны анықтап жатыр.