Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 8 просмотров

Арнайы операция кезінде қыруар қару тәркіленді

Бір ғана шара біраз қылмыстың бетін ашты. Еліміздің 10 өңірінде заңсыз қару айналымына қарсы арнайы операция жүргізіліп, 30-дан аса қару тәркіленді. Ішінде 4 автомат, 20 мылтық, 7 тапанша, 2 граната және 300-дей оқ-дәрі бар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полицейлер барлық деректі жинап, тергеу жүргізіп жатыр. Оның барысында тәркіленген қарулардың қандай да бір қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталмақ. Құзырлы органдар заңсыз қару айналымын әшкерелеу жұмыстары жалғаса беретінін айтты.

← Все новости