Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 9 просмотров

Биіктен қатты зат лақтырып, келіншектің басын жарды

Павлодарда биіктен мұздың кесегін лақтырып, жас ананың басын жарған адамды анықтау жұмыстарын өңірдің бас полицейі өз бақылауына алды. Қала жұртын дүр сілкіндірген оқиға маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Баласын бесікарбаға салып алып, қаперсіз келе жатқан келіншектің төбесіне аяқ астынан жоғарыдан қатты зат түсіп, есеңгіретіп тастайды. Жанына батқасын отыра қалғанда бөбегі жатқан коляска еңіске қарай сырғи жөнелген. Қайта, қансыраған әйел тез есін жиып, ұстап үлгеріпті. Басы жарылған оған ауруханада «миы шайқалған» деген диагноз қойып, алты жерден тігіс салған. Полицейлер қылмыстық іс қозғағанымен, қатты затты кімнің лақтырғанын әлі таппаған.

АЛТЫНБЕК МЕДЬЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ОҢТҮСТІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Осы фактіге қатысы бар тұлғаны анықтап, оны заңда белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша барлық қажетті шара қабылдануда. Қылмыстық іс Павлодар облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

← Все новости