Су спорты түрлерінен Бангкокта өткен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар өте сәтті өнер көрсетті.
Мәселен, мәнерлеп жүзуден біздің қыздар 16 алтын, 9 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Ең жоғары марапаттың төртеуін саңлақтарымыз жарыстың соңғы күнінде қанжығаға байлады. Атап айтқанда, жасөспірімдер командасы еркін бағдарламада жеңіске жетсе, тағы бір алтынды 13–15 жас аралығындағы спортшылар иемденді. Сондай-ақ 12 жасқа дейінгі жерлестеріміз де сарықұрлық чемпионы атанды. Тағы бір алтын медаль акробатикалық бағдарламада жасөспірімдер командасына бұйырды. Жарысқа 18 елден 110 спортшы қатысты.