Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 22 просмотра

Қаржы пирамидасын құрып, қыруар пайда тапқан

«SaxInvest» деген қаржы пирамидасын құрып, мыңнан астам адамды тақырға отырғызған 8 адам сотталды. Төрт жыл бойы жұртты алдап келген ұйымдасқан топтың мүшелері 6-7 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаскөйлер құйтырқы әрекеттерін 2018 және 2022 жылдар аралығында іске асырыпты. Өздерін инвестициялық компаниямыз деп таныстырып, халықты бағалы қағаздарға, қаржы құралдарына және басқа да активтерге ақша салуға үгіттеген. Тіпті, Африкада алмаз өндіретін кәсіпорнымыз бар, бізге ақша құйсаңдар байып кетесіңдер деп иландырған. Сөйтіп, Астана, Ақтөбе, Орал және Ақтау қалаларынан мыңнан астам салымшы тартып, олардан 9 млрд теңге жинап алыпты. Ал бұл қаржының едәуір бөлігі компанияның емес, ұйымдастырушылардың жеке шоттарына аударылған. Жеңіл ақшаның буына мастанғандар оны құмар ойындарға, пәтер сатып алуға, жеке тұрғын үй салуға жұмсаған.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Мемлекет кірісіне жеке тұрғын үй мен цифрлық активтер тәркіленді. Сонымен қатар, азаматтық талаптарды орындау мәселесі шешілгенге дейін сотталғандардың мүлкіне салынған тыйым сақталды. Оның ішінде екі автокөлік, екі пәтер және жер учаскесі бар. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

← Все новости