Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 22 просмотра

Жедел жәрдемнің экс-басшылары 700 млн теңге ұрлаған

Түйені түгімен жұтып, миллиондарды жымқырған. Елордада жедел жәрдем станциясының бұрынғы басшыларына үкім шықты. Прокуратураның мәліметінше, қылмысты директордан бастап, көлік бөлімінің басшысы, бас механик әрі қойма меңгерушісі ауызжаласып бірге жасапты. Олар 3 жыл бойы бюджеттен санитарлық көліктерді жөндеуге және техникалық бақылауға бөлінген қаражатты қалталарына басып отырыпты. Соның кесірінен жүріп-тұрған темір тұлпарлардың саны 149-дан 32-ге дейін азайған. Мемлекетке келтірілген шығын мөлшері 700 млн теңгеден асып кеткен. Сот үкімімен экс-басшы 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

САНДУҒАШ БАЙБОСЫНОВА, СУДЬЯ:

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2026 жылғы 1 сәуірдегі қаулысымен автокөлікке, жер учаскесіне және Астана қаласы Алматы ауданындағы 5А пәтеріне, сотталушыға тиесілі мүлікке тыйым салынды. Бұл тыйым азаматтық талапты орындау мақсатында үкім толық орындалғанға дейін сақталады.

Бұрынғы басшының екі сыбайласы 8 жылдан арқалады. Сот шешімімен сотталғандардан 443 миллион теңгеден астам қаражат өндірілетін болды. Ал медицина қызметкерлері таксиге жұмсаған 300 млн теңге азаматтық сот арқылы қайтарылмақ.

← Все новости