Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 61 просмотр

Киберспорттың өрісі кеңейіп келеді

«Болашақ ойындары» аясындағы Дүниежүзілік фиджитал саммиті басталды. Шараға әлемнің біраз елінен ат арытып жеткен 200-ге жуық делегат қатысуда. Олардың арасында 5 бірдей елдің спорт министрі бар. Арқаның төсіне жиналғандар киберспорттың өрісін кеңейту туралы көсіліп сөйледі. Виртуалды әлем мен шынайы өмірдегі ойынды ұштастырған сайыстың болашағы сөз болды. «Бұл іс-шараның біз үшін маңызы зор», дейді ұйымдастырушылар. Себебі елімізде киберспортты дамыту спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналған.

СЕРІК ЖАРАСБАЕВ, ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Саммит біздің Phygital International ұйымымен ұйымдастырылып жатыр. Олар өздерінің де тәжірибелерімен бөлісіп, ары қарай біз оны қалыптастырып, мына жастарды тек қана дәстүрлі спортқа емес, сонымен қатар фиджитал спортқа, киберспортқа қалай баулу және одан қандай пайда алу мүмкіндігіміз болатынын, соның бәрін біздің халықаралық қонақтар бөлісіп жатыр.

← Все новости