Перейти к содержимому
· 106 просмотров

Астанаға президенттер келе жатыр

Бірнеше елдің басшысы Астанаға келе жатыр. Олар бүгін елордада байрағын көтерген «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылуына қатысады. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Қырғыз елінің көшбасшысы Садыр Жапаров түстен кейін бас қалаға табан тірейді. Ғаламдық ауқымдағы іс-шараның ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді деп күтілуде. Бүгін басталатын фиджитал форматындағы сайыс 9 тамызға дейін жалғасады. Онда 34 елден 800 спортшы бақ сынайды.

← Все новости