Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 1 просмотр

Қолыңдағы жүкке абай бол!

Пойызбен сапарға шықсаңыз, жол сөмкеңізге салған заттарды тағы бір мұқият тексеріп алыңыз.

Өйткені тыйым салынған нәрсені білместікпен арқалап алып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз әбден мүмкін. «Жолаушылар тасымалы» компаниясы сондай дүниелердің нақты тізімі барын ескертеді. Оның арасында жарылғыш құрылғылар мен заттар, пиротехника, радиоактивті және есірткі заттары, тез тұтанатын сұйық және қатты заттар бар. Сондай-ақ уытты әрі улы заттарды, инфекциялық немесе биологиялық қауіпті материалдарды, кез келген қару мен оқ-дәрілерді алып жүруге болмайды. Теміржол вокзалында жолаушылар мен олардың жүгі арнайы қондырғылар мен металл іздегіштер арқылы тексеріледі.

Ақбаян Сұлтанмұрат

← Все новости