Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 9 просмотров

Дропперлер интернет-алаяқтарға қызмет көрсеткен

Ақтөбеде дропперлерді тартып, халықтан 120 млн теңге ұрлаған интернет-алаяқтардың құйтырқылығы әшкере болды. Қылмыстық топтың құрамында 10-нан астам адам болған. Тергеу мәліметінше, олар жымысқы әрекеттерін іске асыру үшін 150 дроппердің банк шоттарын пайдаланған. Ұялы телефонға қондырып алған банк қосымшалары мен криптоәмиян арқылы ол шоттарды қашықтан басқарыпты. Жәбірленушілерден келген ақшаны әуелі транзиттік шотқа түсіріп, сосын криптовалютаға айырбастап алған. Кейін жалған құжаттарды пайдаланып заңдастырып, қолма-қол ақшаға алмастырған. Осылайша 16 өңірде тұратын 80 адам зардап шеккен.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қылмыстық топтың 8 мүшесі қамауға алынды. Тағы екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне, оның ішінде 8 пәтерге, бір автокөлікке және 52 мың USDT көлеміндегі цифрлық активтерге тыйым салынды. Тергеу жалғасуда.

← Все новости