Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 9 просмотров

Nazira Gold қаржы пирамидасын құрғандардың үкімі өзгермеді

Қазақстандықтардың 1,2 миллиард теңгесін қылғытқан қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға кесілген үкім өзгеріссіз қалды. Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот Nazira Gold-тың ісін қарап, осындай шешім шығарды. Ауызжаласқан қулар он ай бойы табысың табандап өседі деп жұрттың қаржысын жиған. Түскен ақшаға үй алып, көлік мініп, алтын-күміске мастанып жүріпті. Құйтырқы құрылымды басқарғандар заңсыз ақшаны жасыру үшін мүліктің бәрін туыстарының атына рәсімдеген. Ал пирамиданың қақпанына түскендердің саны 150-ден асады. Жеңіл ақшаға желіккендердің жартысы шығынын өндіріп алыпты. Ал 63 азаматқа талап-арызбен сот табалдырығын тоздыруға тура келеді. Айта кетейік, 28 жастағы Назира Нұржанова басқарған Nazira Gold қаржы пирамидасы Шымкентте жұмыс істеген. 2026 жылғы сәуірде сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда кәмелетке толмаған баласы болғандықтан, жазаны өтеу бір жылға кейінге шегерілді. Қалған төрт сыбайласы 5-6 жылға сотталды.

← Все новости