Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 1 просмотр

Балқаш көлінде ойқастаған жүргізуші қамалды

Жағада бейқам жатқан демалушылардың берекесін қашырды. Тапа-тал түсте желігіп, Балқаштың бойымен жүйткіген жүргізуші елдің есін шығарды. Mercedes-Benz автокөлігін тізгіндеген азамат көлде ересек адамдармен алаңсыз асыр салып жүрген балалардың барына қарамастан ойқастап, суды кешіп, зуылдаған. Осылайша олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Тәртіп бұзған Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны екен. Сот шешімімен ол 10 тәулікке қамалып, темір тұлпары арнайы тұраққа қойылды.

ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Ескертеміз: жаппай демалыс орындары – қауіпті ойын-сауықтың орны емес. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қойылып, кінәлілер заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

← Все новости