Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 133 просмотра

Автобустың есігін қолдан жасап алған

Абай облысында полицейлер жолаушылардың өміріне қауіп төндірген жүргізушіні анықтады.

Алматы – Өскемен бағытында қатынайтын Yutong маркалы автобусты тоқтатып тексерген тәртіп сақшыларының көздері шарадай болған. Сөйтсе, алыс жолда жүретін көліктің ортаңғы есігі қолдан жасалған екен әрі қауіпсіздік талаптарына мүлдем сай келмеген. Ол аздай, 42 жастағы тізгіншінің жүргізуші куәлігі болмаған, соған қарамастан жолаушы тасымалдаған. «Қауіпті автобус» айып тұрағына қойылды, ал жүргізушіге заң аясында шара қолданылады.

Аяжан Қожатай

← Все новости