Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 15 просмотров

ІІМ: алаяқтықтың жаңа түрі шықты

Алаяқтар қазақстандықтардың ақшасын иемденудің жаңа тәсілін тапты. Ішкі істер министрлігі осылай деп дабыл қағып отыр. Соңғы кездері жасанды интеллектің көмегімен жұлдыздарды сөйлетіп, жұрттан ақша жинап жүрген қулар көбейіп кетіпті. Олар танымал жандардың бейнесін пайдаланып, халықты түрлі инвестициялық жобаларға қаражат салуға көндіреді екен. Солай істесең, жылдам әрі қомақты табыс табасың деп уәдені үйіп-төгеді. Көбінде салық, комиссия, сақтандыру жарнасы сынды терминдерді қолданып, жұртты сан соқтырып жатқан көрінеді. Тез байып, миллиондарды қалтаға басқысы келетіндерді күмәнді сілтемеге өткізіп, өзге шотқа ақша аудартады. Дегендеріне жеткесін жалған брокерлер ізім-ғайым жоғалады.

БЕЙБІТ БІРЖАНОВ, ҚР ІІМ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Осыған байланысты ІІМ азаматтарды қырағы болуға және мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады: кепілдендірілген табыс туралы ұсыныстарға сенбеу, белгісіз адамдарға ақша аудармау, күмәнді сілтемелерге өтпеу және олардан қосымша орнатпау, компания туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеру.

← Все новости