Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 14 просмотров

Кореяның 14 азаматы Қазақстанда қолға түсті

Қазақстанда алаяқтық жасаған 14 бірдей Корея азаматы ұсталды. Олар телекоммуникациялық жүйелерді пайдаланып, колл-орталықта қарашаның қаржысын қарпып келген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті телефонның ар жағынан тұрғындарды тақырға отырғызғандардың барлығын қолға түсіріпті. Олардың тұрған жерінен компьютерлер, ұялы телефондар мен ноутбуктер тәркіленген.

ҚАЙЫРЛЫ АХМЕТ, ҚР ҰҚК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Аталған елдің құқық қорғау органы оларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, алаяқтық әрекеттер жасау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде. Ұсталғандар процестік іс-әрекеттер жүргізу және одан әрі депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

← Все новости