Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 14 просмотров

Нұрайдың өлімі: сотта тың деректер айтылды

Нұрай мен сотталушының арасында романтикалық қарым-қатынас болған емес. Шымкентте марқұмның ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бұл жолы Нұрай Серікбайдың ағалары сөз алды. Олар бұған дейін сотталушының айтқандарын жоққа шығарып отыр.

Бүгінгі сотта Нұрайды қанаттыға қақтырмай өсірген ағалары сөйледі. Қабырғасы қайысса да, қарындасының қазасына дейінгі жағдайды баяндады. Олар күдіктіні алғаш рет былтыр туыстарының тойында көріпті.

ДІНМҰХАММЕД СЕРІКБАЙ, МАРҚҰМ НҰРАЙДЫҢ АҒАСЫ:

Сол кезде мен басқа үстелде отырған сотталушыны кейін белгілі болғандай күдікті көзқарасын байқадым. Қасымдағы бауырымнан және қарындасымнан «танисыңдар ма?» деп сұрадым. Олар оны танымайтынын айтты. Сондықтан еш күдік болған жоқ.

Кейін сол жігіттің қызға ыңғай танытып жүргенін біледі. Жалғыз қарындасы болған соң алаңдап, ол жайлы таныстарынан сұрастырыпты. Алайда пікірлер көңіл көншітпеген.

ДІНМҰХАММЕД СЕРІКБАЙ, МАРҚҰМ НҰРАЙДЫҢ АҒАСЫ:

Жігітке қатысты ешқандай жақсы пікір білдірмеген ешкім. Тек жанжалға жақын, ұрыса беретін. Сол жердегі дүкенде жұмыс жасаған екен, көмек көрсетіп. Бірақ сол жерде тек зиянын тигізіп, еш пайдасы болмай, жанжалдың басында жүрген екен.

Марқұмның ағалары Нұрай мен Шерхан Аймахан қыз-жігіт ретінде жүрмегенін айтып отыр. Соған қарамастан күдікті қызды алып қашқан. Бірақ бойжеткеннің өз еркімен келмегенін білген жақындары оны кері алып кетеді. Осыдан соң бойын әбден үрей билеген Нұрай үш рет телефон нөмірін ауыстырыпты.

СҰЛТАН СЕРІКБАЙ, МАРҚҰМ НҰРАЙДЫҢ АҒАСЫ:

Осы уақыттан кейін сталкинг басталды. Үйдің алдына келді. Көршілер де чатқа жібере бастады: «мына машина неге тұр?» деген сияқты. Мен сол кезде айыпталушыны бір рет көріп қалған болатынмын. Мен айттым: «неге тұрсың, не мағынасы бар осы тұрғаныңның?» деп. Түрі қолына пышақ берсең, сұғып алатындай болып тұрды.

Ал қанды оқиға болар күні Нұрай ағасына тәтті бәліш пісіріп беруге уәде етіпті. Сол үшін дүкенге ұн алуға шықса керек. Бірақ тұтқиылдан тап келген адамның қолынан қыздың ғұмыры үзіліп кете барды.

СҰЛТАН СЕРІКБАЙ, МАРҚҰМ НҰРАЙДЫҢ АҒАСЫ:

Денесінде сау нәрсе жоқ. Пышақ күртешесін тесіп өткенін айтам да. Мойнын тескен. Бетінде әлпеті жоқ. Қазір суреті тарап жатыр ғой. Ол түрдің еш қатысы жоқ. Ойылып кеткен. Бауыздап, ойыншық сияқты сұққан.

Бүгін туыстарынан өзге, сотта Нұрайдың құрбысы мен жас қыз бен күдікті танысқан тойды өткізген туысы куәлік етті. Ендігі сот отырысы 2026 жылғы 4 тамызда өтеді.

← Все новости