Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 17 просмотров

Абайдың туған күніне 150 бала жиналды

Абай әлемі – балалар көзімен! Бүгін Елордада ұлы ақынның туған күніне орай ерекше шара өтті. Мұнда 150-ге жуық оқушы бас қосып, қаламгердің туындыларын бейнеледі. Яғни, әр қатысушы сөз зергерінің қарасөздеріне я болмаса өлеңіне арқау болған тақырыптарды қағаз бетіне түсірді. Қалалық білім басқармасының сөзінше, бұл балалардың қиялына қиял қосып, Хәкім Абайдың әдеби-рухани мұрасын терең түсінуге мүмкіндік береді.

ЖӘНІБЕК ТАЛҒАТҰЛЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ:

Бүгінгі іс-шара Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының мол мұрасын өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған үлкен бастама. Жалпы бұл іс-шара тек балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, Ұлы ақынның шығармашылығына деген қызығушылығын, оны танып-білуге деген қызығушылықты арттыруға деген үлкен үлесін қосады деп сенеміз.

Акция қорытындысы бойынша, ең үздік туындылар қалалық көрмеге қойылады. Осылайша, жас буын ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіріп, шығармашылықтарын одан әрі дамыта түспек.

МӘРИЯМ АМАНДЫҚҚЫЗЫ, ҚАТЫСУШЫ:

Осы жарысқа қатысып жатқаныма қатты қуаныштымын. Себебі мұндай үлкен жетістіктерге қол жеткізу көп адамдардың қолынан жете бермейді. Менің бүгін салатын суретім Абай атамыздың жазған «Жаз» өлеңінің бейнесі болады. Бұл жерде жайлау, жазық дала, таулар бейнеленген.

← Все новости