Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 11 просмотров

Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?

Сайлауға өзім барамын деген мүмкіндігі шектеулі жандарға учаскелерде барлық жағдай жасалуы тиіс. Өйткені олар да дауыс беруге тең құқылы. Осыны алға тартқан Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған арнайы топ Астанадағы учаскелерді тексерді. Олар көру, есту қабілеттері төмен және тірек-қимыл аппараты бұзылған жандарға арналған тиісті қондырғылардың бар-жоғын назарға алып, табылған кемшіліктерді сайлауға дейін жоюды тапсырды.

ЖАҢАГҮЛ ДІЛЖАНОВА, ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Көбісі мына пандус, санузел, көбісінде ішінде жағдай жасалғанымен, есіктің ені 70-80 болады, ол 90 болуы керек. Үшіншіден, лифт болуы керек, егер сайлау учаскесі екінші қабатта болса, көзі нашар көретін адамдарға баспалдақта маркировка болуы керек, ондай еш жерде жасалмаған, сосын тактилка болуы керек.

← Все новости