Димаштың «әу» дегені хит болады.
Бұған дәлел – әншінің өзі музыкасын жазған түрік тіліндегі «Yazgı» деп аталатын туындысы. Бұл туынды жуырда ғана жарыққа шыққан еді. Сол әні шетелдік iTunes хит-парадтарында көш басында тұр. Мысалы, Венгрия мен Румынияда бірінші, ал Латвияда үздік үштікте. Жаңа хитті жылы қабылдаған тыңдармандарына Димаш та дән риза.
ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН:
Махаббат пен сенімдеріңіз және үнемі қолдау көрсетіп келе жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл жетістік – бәріміздің ортақ еңбегіміз!