Танымал фильмдер мен аниме, комикстердегі кейіпкерлерді елорда көшелерінен көрсеңіз, таңғалмаңыз!
Бас қалада Орталық Азиядағы ең ірі поп-мәдениет фестивалі – «Comic Con Astana 2026» шарасы өтіп жатыр. Биылғы іс-шараның басты байқауы – халықаралық косплей жарысы. Мұнда қатысушылар әлемге аты әйгілі кинотуындылар мен сериалдардың немесе компьютерлік ойындардағы кейіпкерлердің образын сомдауы қажет. Бас жүлде – 20 миллион теңге. Ұйымдастырушылардың сөзінше, конкурсқа 20 шақты елден өтініш түскен. Алайда іріктеу кезеңінен тек 180 адам өтіпті. Сайыс 9 шілдеге дейін болады. Осы уақыт аралығында қала тұрғындары мен қонақтары аталмыш фестивальді тамашалай алады.