Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 25 просмотров

Димаштың «әу» дегені хит болады

Димаштың «әу» дегені хит болады. Бұған дәлел — әншінің өзі музыкасын жазған түрік тіліндегі «Yazgı» деп аталатын туындысы. Жуырда ғана жарыққа шыққан еді. Сол әні шетелдік iTunes хит-парадтарында көш бастап тұр. Мысалы, Венгрия мен Румынияда бірінші, ал Латвияда үздік үштікте. Жаңа хитті жылы қабылдаған тыңдармандарына Димаш та дән риза. «Махаббат пен сенімдеріңіз және үнемі қолдау көрсетіп келе жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл жетістік – бәріміздің ортақ еңбегіміз!» – деді ол.

← Все новости