Арақ ішемін деп абақтыдан бірақ шықты. Астанада көпқабатты үй ауласындағы шалшық суға шомылып, сол жердегі балалардың мазасын алған екеу сотталды. Қылмысты полиция қызметкерлері әлеуметтік желіні ақтарып отырып тауып алыпты. Онда жаңбыр суы жиналған шалшықта тұрған екі ер адам суды теуіп, оны балаларға қарай шашып жатқанын байқаған. Бөтелкелестердің кім екенін анықтау қиынға соқпады. 35 және 37 жастағы ер адамдар енді алдағы күндерін абақтыда өткізетін болды.
ДАМИР ӘМРЕНОВ, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін екі азамат та ұсақ бұзақылық жасағаны бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешіміне сәйкес Алексей Свиридов 25 тәулікке қамаққа алынды, ал Владимир Логвин 7 тәулікке қамаққа алынды. Полиция қоғамдық орындардағы мұндай әрекеттерге жол берілмейтіндігін ескертеді.