Жаһан жұрты көз тіккен «Болашақ ойындары — 2026» халықаралық турнирінің бүгін оныншы күні. Барыс Арена алаңында Just Dance жарысы бойынша 16 қатысушы сайысқа түсіп жатыр. Олар төрт-төрттен бөлініп, екі ойыншыдан өнер көрсетеді. Сырт көзге тек экрандағы бишілердің қимылын қайталап тұрғандай көрінуі мүмкін. Алайда мұнда әрбір қозғалысты дәлме-дәл көрсету маңызды. Тартысты додаға Бразилия, Мексика, Нидерландыдан келген ойыншылар қатысып жатыр. Ал Қазақстанның атынан Гүлназ Аманғали ел намысын қорғауда.
ГҮЛНАЗ АМАНҒАЛИ, «БОЛАШАҚ ОЙЫНДАРЫ – 2026» ҚАТЫСУШЫСЫ:
Дайындығым 1 ай бұрын бастадым. 1 ай бұрын мен осы жарысқа қатысатынымды білдім. Бұл негізі Just Dance деген ойын ғой. Бұл ойынға жаңағы доступты 10 күн бұрын ғана, 27 июль алдым. Яғни 10 күн бұрын. Бүгін 7-сі. Менің ойымша, менің дайындығыммен бұл уақытпен мен жақсы көрсеткіш көрсеттім деп ойлаймын.
Айта кетейін, фиджитал сайыстарда спортшылар алдымен виртуалды кеңістікте сынға түсіп, кейін жарысты нақты спорт алаңында жалғастырады. Дүбірлі додада ойынның 8 түрі бойынша жарыс өтіп жатыр. Еліміздің атынан 11 команда мен жекелеген спортшылар бақтарын сынауда. 9 тамызға дейін өтетін сайыстың жалпы жүлде қоры 4 миллион 650 мың доллар. Сондай-ақ, турнир басталғалы 4 спорт кешенінде 800 волонтер талмай еңбек етіп жүр. Олардың жұмысына шетелдік меймандар оң бағасын беруде.
НИЯЗҚҰЛ ЖАНАТАЙҰЛЫ, ЕРІКТІЛЕРМЕН ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
10 сәуірден бастап волонтерлерді іріктеу басталды. Біздің жүйемізге 1400-ден астам заявка келіп түсті. Оның ішінен біз 1000 волонтерді іріктеп алып, 800 волонтер 4 аренамызда жұмыс жасап жатыр. Волонтерларымыздың 16 түрлі бағыты бар, әрқайсысының өзінің жеке орны бар, жеке жұмысы бар. Келіп жатқан шетелдік қонақтарымыз, спортсмендеріміз біздің волонтерлар жұмысына өте жоғары баға берді.