Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 19 просмотров

Қырғызстанмен тауар айналымы артты

Қазақ-қырғыз арасындағы тауар айналымы 2,2 миллиард долларға жетті. Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында айтылды. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Шолпан-Атада одаққа мүше елдердің өкілдерімен кездесу өткізді. Маңызды жиынға Үкімет басшысы Олжас Бектенов барып, бауырлас елге Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық лебізін жеткізді. Сондай-ақ қазіргі сын-қатерлер жағдайында экономикалық байланысты бекемдей түсу керегін баса айтты. Оның сөзінше, өткен жылы бес мемлекеттің арасындағы тауар айналымы 95 миллиард долларға жеткен. Биыл тағы 7,3 пайызға арттыру жоспарда бар екен. Әсіресе тамақ өнеркәсібі саласында Қазақстанның экспорттық әлеуеті артып келе жатқаны атап өтті.

НАЗГҮЛ ХАТЕПОВА, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өткен жылдың қорытындысы бойынша біз азық-түлік тауарларының жалпы экспорты 7 миллиард долларды құраған болатын. Оның 51 пайызы қайта өңделген, яғни дайын тауарлық өнімдерді құрайды. Жалпы бұл жұмыстар жалғасатын болады. Биылғы жылы да біз ауыл шаруашылық өндірісін әртараптандыру нәтижесінде алдағы мақсат ретінде қайта өңделген тауарларды өндіру және экспорт мәселесін қойып отырмыз.

Бұдан бөлек, кеңейтілген құрамдағы отырыста экономикалық байланысты күшейту, цифрлық мүмкіндіктерді кеңейту және ортақ жобаларды тиімді жүзеге асыру жолдары сөз болды. Сондай-ақ жүк тасымалы мен көлік дәліздерін цифрландыру мәселелері қаузалды. Жиын қорытындысы бойынша алты құжатқа қол қойылды. Олардың арасында тауарлардың электрондық саудасы туралы аса маңызды келісім бар. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы 2026 жылғы 1-2 қазанда Минск қаласында өтпек.

← Все новости