Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 3 просмотра

Қ.Тоқаев: Абай мұрасы – қуатты Қазақстанның берік негізі

Абай ілімі – рухани шамшырақ, айнымас темірқазық. Хәкімнің қарасөздерінің тағылымы да қазіргі Қазақстанның құндылықтарымен толық үндеседі. Бүгін жұртшылықты Абай күнімен құттықтаған Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тұғырнамалық идеяларын мысалға алды. Атап айтқанда, «Адал Азамат», «Таза Қазақстан», «Заң мен Тәртіп» сынды бастамалар ұлы ойшыл армандаған берекелі қоғамның көрінісі. Мемлекет басшысы ақынның мұрасы Әділетті, Озық әрі Қуатты Қазақстанды құруға да арқау болғанын атап өтті.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Биыл Абай күні елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстанның Халық Конституциясы заңды күшіне еніп, биліктің барлық институттарын түбегейлі жаңғырту үдерісі басталды. Бұл – шын мәнінде, ұзақ мерзімге арналған даму бағдарымызды айқындайтын ерекше кезең. Көп ұзамай ел тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы Парламент реформаларды сапалы әрі тиімді жүзеге асыруға тың серпін беретіні сөзсіз.

← Все новости