Перейти к содержимому
· 155 просмотров

Абай есімді қыздар да бар

Елімізде Абай есімді қыздар да бар екенін білесіз бе? Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда Ұлы ақынның есімімен 10 ару тіркелген. Ал ер азаматтардың 19 мыңға жуығы Хәкім Абаймен аттас. Олардың басым бөлігі еліміздің 3 өңірінде тұрады. Көш басында елордалықтар, мұнда 2089 адамның таңдауы осы есімге түскен. Сондай-ақ, Түркістан облысында 2018, Алматы қаласында 1719 азамат анықталған. Ал Ибраһим атын 35 мыңнан аса адам арқалапты. Айта кетейін, республикамызда Абай Құнанбайұлына арналған 1 облыс, 1 қала, 3 аудан және 26 ауыл бар.

← Все новости