Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 23 просмотра

Той тойлап жүріп, айыппұл арқалады

Үйленіп жатқан досының «шашбауын» көтереміз деп шыққан жастар айыппұл арқалады. Өскеменде күйеу жігіттің жора-жолдасы той кортежіне ілескен. Жастықтың буы ма, әлде мерекелік көңіл-күйдің әсері ме, көліктегі жігіттер жол ережесіне бағынбай, жүріп келе жатқанда терезеден сыртқа ентелеп, белдікті тақпай, тәртіп бұзыпты. Сөйтіп, өзінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндірген жастарға полиция әкімшілік хаттама толтырды.

← Все новости