Ашаршылық пен азаматтық соғыстан көз ашпаған Конго Демократиялық Республикасын Эбола вирусы әбден қыспаққа алды. Ел билігі ауруға төтеп беруге тырысқанымен, күресуге шамасы жетпей тұр. Соңғы деректерге сүйенсек, қауіпті аурудан көз жұмғандардың саны 2 мың адамнан асып жығылды. Ал бұрын Заир деп аталған мемлекет аумағында жалпы 4,5 мыңға жуық тұрғыннан аурудың белгілері анықталыпты. Қазірдің өзінде құрбандардың саны 2018-2020 жылдар аралығындағы Эболаның өршіген кезеңіне жақындап қалды. Ол уақытта 2300 конголық азамат көз жұмған екен. Биліктің сөзіне сенсек, қауіпті індет елдің шығыс және солтүстік-шығыс бөлігін айтарлықтай титықтатқан. Себебі өңірлерде осы уақытқа дейін індетпен жағаласып, қарулы қақтығыстар да тоқтайтын емес. Африкадағы халық саны мен жер көлемі бойынша ең ірі мемлекетте қауіпті кесел осымен 17-ші рет өршіп отыр.
Эбола дерті асқынып барады
Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусынан көз жұмғандардың саны 2 мыңнан асты.
Поделиться:
← Все новости