Елімізде тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабы өз жұмысын қайта бастады. Алматыда өткен брифингте орталықтың негізгі міндеттері мен жұмыс форматы таныстырылды. Басты мақсаты — сайлау барысы туралы қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарын жедел әрі объективті ақпаратпен қамтамасыз ету. Ұйым өкілдері саяси бейтараптық пен мәліметтердің шынайылығын басты қағидат ретінде атап өтті. Және ел тұрғындарын заң бұзушылық туралы расталмаған мәліметтерді таратпауға, жауапкершілікпен қарауға шақырды.
БЕКНҰР ҚИСЫҚОВ, ТӘУЕЛСІЗ БАЙҚАУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Біздің мақсатымыз — осы фейк ақпаратқа, жалған ақпаратқа өзіміздің таза ақпаратты беру. Мысалы, егер резонанстық, хайп ақпарат болса, осы орталықтың мақсаты — бұл ақпарат жалған, сенбеңіз, бұл ақпарат өздерінің саяси мақсаттарын іздеп тұр ма, басқа өздерінің ниеттері бар ма, сондай сияқты сол жерімен жұмыс істейміз.