Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 13 просмотров

eGov порталына қатысты министрлік мәлімдеме жасады

Ішкі істер министрлігі eGov порталына қатысты көпшілікті алаңдатқан ақпарат бойынша мәлімдеме жасады.

eGov порталын ешкім бұзған жоқ. Ішкі істер министрлігі көпшілікті алаңдатқан ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта жүйеге заңсыз кіру немесе құжаттарды қолды қылу фактілері тіркелмеген. Сондай-ақ жауаптылар ел ішінде жалған хабарлама таратып, жұртты дүрліктіргендерге қатысты жан-жақты тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты. Министрлік азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды. Айта кетейік, бұған дейін даркнетте 15 миллион қазақстандықтың дерегі сатылымға шықты деген қауесет тараған еді.

ШЫҢҒЫС АЛЕКЕШЕВ, ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі уақытта хабарландыруды орналастырған тұлғаны, ұсынылып отырған деректердің қайдан алынғанын, сондай-ақ оларды заңсыз алуға және таратуға қатысы бар барлық адамды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр. Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде азаматтардың дербес деректерін қорғауға қатысты конституциялық кепілдікті іске асыруға барынша жауапкершілікпен қарайды.

← Все новости