Перейти к содержимому
СРОЧНО
· 3 просмотра

Жамбылдың көркін қағазға түсірген

Тауға шыққанда шабыттанып, табиғаттың көркем көріністерін қағазға түсіреді. Әулиеаталық суретші Мойынқұмның шөлін, Жуалының жасыл желегін, Құланның таумен таласа өскен талдарын қылқаламымен бейнелеп жүр. Өнер иесі үшін туған жердің тұмса табиғаты ерекше шабыт. Ауыл баласы 1000-нан аса туынды дүниеге әкелген. Жасы 60-қа таяған қария қазірде қолы қалт етсе, тау бөктеріне қарай тартады. Қалам-қағазын қолына алып, көзбен көрген сұлулықты сурет арқылы жеткізеді.

ҚАЙРАТ БОРАНБАЕВ, СУРЕТШІ:

Шабытың келген кезде төрт қабырғаға сыймай кетесің. Төрт қабырғадан ештеңе көрмеген соң шығып, ішкі дүниені сыртқа шығарғың кеп табиғатқа барып, іште қалып қалғаннан гөрі соны шығарып қағазға түсірсек. Әлдеқалай жақсы болып қаласың да.

Қылқалам шебері жас таланттарға да тәлім беруде. Осы күнге дейін 1000-ға жуық өренге қалам ұстатып, бейнелеу өнерінің қыр-сырын меңгерткен. Барлығы кәсіби суретші болмағанымен, шәкірттерінің көбі өзі үйреткен өнерді әлі де жалғастырып келеді.

ӘРСЕН АЛМАСҰЛЫ, ОҚУШЫ:

Бұның ішінде физика, геометрия, математика бәрі жатыр. Бұл менің алдағы уақытыма көмектеседі. Маған домбыра жасаған ұнайды. Алдағы уақытта жалғастырғым келеді.

← Все новости